$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Қар көшкінінен 7 жауынгер опат болды...

AstanaTV
18.02.2017ж. 20:00
3778
Қар көшкінінен 7 жауынгер опат болды...

Кеше Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында қар көшкінінің астында сол жерде әскери дайындықтан өтіп жатқан 91678  әскери бөлімінің 7 жауынгері қалып қойды... Қорғаныс министрлігі опат болған солдаттардың шаңырақтарына көңіл айтып жатыр.

17- ақпан күні сағат 13:15-те Жуалы ауданы, Алатау ауылы жанында қорықшы Әлімбековтен «Көксай» шатқалында 91678 әскери бөлімшесінің 23 әскери қызметкері қар көшкінінің астында қалғаны жайында хабар түскен соң, арнайы шаралар жүргізу нәтижесінде 16 адам құтқарылып, 7 адам қаза тапты,- деп хабарлады, Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі мерт болғандардың кімдер екенін де  жариялады:

Кіші  сержант Қыдырбаев М.Т. 1991 д.к., кіші  сержант Ерісбаев А.К. 1992 д.к., кіші сержант Аралбаев А.Ж. 1988 д.к., қатардағы  Кеңесов Т.К. 1993 д.к., қатардағы Шакен Н.К. 1995 д.к., ефрейтор Тұрысмағанбетов М.Б. 1991 д.к., аға лейтенант Мошабаев А.К. 1991 д.к.  

Олармен қызмет еткен әскери бөлімнің аумағында қоштасады. Сосын машиналармен туғандарына жеткізеді. Нақты қай ауылдардан екені жарияланған жоқ.

Ал қазір госпитальда 8 жауынгер жатыр. Олар әр түрлі жарақаттар алған. Кейбірінің сүйектері сынған. Дәрігерлер тағы 8 әскериді қарап, үйлеріне жіберген.

Үкімет басшысы трагедияны зерттеу барысын өз бақылауына алды. Қорғаныс министрі жетекшілік ететін арнайы комиссия да құрды. Сәкен Жасұзақов бастаған комиссия қазір Жамбыл облысында. Оқиғаның себептерін зерттеп, опат болғандардың отбасыларына көмек ұйымдастыру ісімен айналысады.

Сәуле Мұнатаева, Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз хатшысы: /телефон арқылы

16-шы ақпан күні қар көшкіні жайлы хабарлама  жібердік. Әскери бөлім бізден ескертуді алған. Бірақ, олар бізге құлақ аспады деп айта алмаймын. Олар өздерінің жоспарлы жаттығу жиынын жүргізуі тиіс болған. Соны орындауға шыққан. Бұл енді адамдардың емес, табиғаттың кінәсі ғой.