Атырау облысының Махамбет ауданында жанжал соңы өліммен аяқталды. Жасөспірім 18 жастағы жігіттің қатты соққысынан кейін құлап, орнынан қайта тұрмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт – Сарытоғай ауылының тұрғыны және биыл ғана мектепті бітірген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жігіт белсенді және өте мейірімді болған. Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. 17 жастағы жігіттің өліміне 2005 жылы туған жас жігіт күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.