$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқыны: Ақтөбеде 76 кәсіпкер шығынды өтеуге өтініш берді

AstanaTV
12.07.2024ж. 22:31
419
Су тасқыны: Ақтөбеде 76 кәсіпкер шығынды өтеуге өтініш берді

Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен 76 кәсіпкер шығынды өтеуге өтініш түсірді. Қазір комиссия олардың өтінішін қарап, тексеріп жатыр. Алғашқы легіне қаржы аударуға шешім қабылданды, - деп жазды KAZINFORM

Ақтөбе облысындағы су тасқыны кезінде бірнеше аудан мен қалада 76 кәсіпкер зардап шекті. Олардың өтінішін өңірлік комиссия қабылдады. Комиссия жұмысын сәуір айында бастап, бағалау, есептеу жүргізді. 

— Өңірлік комиссияға түскен 10 өтініш мақұлданды. Оларға 119 млн теңге шығын бар деп шешім шығарылды. Сонымен бірге бүгін тағы 6 кәсіпкерден өтініші түсіп, қаралды. Олардың құжатына басымдық береміз. Жалпы ең көбі Ақтөбе қаласыда тіркеліп тұр. Мұнда 46 кәсіпкер өтініш берді. Басым бөлігі қызмет көрсету саласында. Оның ішінде жиһаз цехы, пластикалық терезе жасау цехы мен дүкендер, көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы бар, - деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Айта кетейік, шығын өтеу үшін талап пен ереже бар. Үш санатқа бөлінген. Біріншіден, бағалау қорытындысына жіберілген шығын өтеледі. Екіншіден, ғимаратқа келген залал өтеледі. Үшіншіден, суға кетіп, жарамсыз болып қалған құрал-жабдық шығыны қайтарылады. 

— Ғимарат пен құрал-жабдық сомасы бағалау қорытындысы бойынша өтеледі. Ал азық-түлік дүкеніндегі тауар болса, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіндегі кірістер есебіне сәйкес есептеледі. Ауылдағы кәсіпкерлерге келер болсақ кейбірінің құжаттары түгел емес. Олар бағалау жүргізсе, шығыны өтеледі. Биыл біз үшінші рет комиссия отырысын өткіздік. Барлығы Үкімет резервінен өңірге 733 млн теңге бөлініп тұр. Қаржы көлемі өзгеруі, өсуі мүмкін, - деді Алмас Салықбаев.