$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ішімнен тынамын": Мақпал Жүнісова өзін "кемпір" дейтіндерге ренішін жеткізді

AstanaTV
22.07.2024ж. 11:48
250
"Ішімнен тынамын": Мақпал Жүнісова өзін "кемпір" дейтіндерге ренішін жеткізді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін кемпір деп атайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, кемпір дегенді шалы бар адамдар айтатын көрінеді.

“Бізді кемпір деп айтып қалып жатқандарды көреміз. Шалы бар әйелдерді кемпір десе жарасады. Оның үстіне шалы да, “Әй, кемпірім” деп шақырады. Біздің күйеуіміз жоқ. Сондықтан бізді “Қыз-ау” дегендерің дұрыс. Сол сөз де өзімізге ұнайды”, – деді әнші.

Сондай-ақ халық әртісі ойланбай сөйлеп, көңілге қаяу түсіретіндерге де үндеу жасады. 

“Ауыз өзімдікі деп айтады ғой. Мысалы, менде де ауыз бар, жанымнан өтіп бара жатқан әр замандасқа “әй кемпір” десем дұрыс болмайды. Мені сол үшін балағаттауы да мүмкін. Мен ішімнен ғана тынамын да қоямын әйтеуір”, – деп ренішін жасырмады әнші.