$480.61 €534.53 ₽5.28
×

"Astana TV" телеарнасы “Offside” атты спорттық драма жанрындағы жаңа сериал түсіруде

24.07.2024ж. 20:00
219
"Astana TV" телеарнасы “Offside” атты спорттық драма жанрындағы жаңа сериал түсіруде

"Astana TV" телеарнасы мен Sәlem Entertainment бірлесіп, “Offside” атты спорттық драма жанрындағы жаңа сериалдың түсірілімін бастады. Жоба қазақ футболының ішкі қыр-сырын ашып, үлкен спорттың мәселелерін көрсетеді. Сюжет бойынша, бұрында атақты футболшы болған тренер, лигадағы келіссөздерге, сыбайлас жемқорлыққа және интригаға қарамастан, чемпионатта әділ жеңіске жетеді.

Сериал тек қазақ футболының ғана емес, жалпы үлкен спорттың мәселелерінің ішкі қыр-сырын ашады. Идея спортшылардың өздерінен шыққан.

Рүстем ОМАРОВ, ПРОДЮСЕР:


Негізі талантты футболшылар өте көп. Біз Бразилия мен Аргентина сияқты футбол дамыған жерде туылған жоқпыз деген жалған. Балалар футболына инвестиция салып дамытсақ, әлеуетіміз бар. Бізде үздік ойыншылар өте көп.

Жаңа жоба талантымен талайды таңдай қақтыратын актер бірі Азат Жұмаділ ең жас футболист рөлін сомдайды. Өзі де бұл драммадан үлкен нәтиже күтетінін жасырмады.

Азат ЖҰМАДІЛ, АКТЕР:

Спорт саласының ішіндегі ішкі жаңағы кухнясы туралы білмим көп кісілерге сабақ болады деп ойлаймыз. Біраз нәрселерді ашық түрде көрсетеді деген ойдамыз. Түсіру үстіндеміз.Бұйырса жарыққа шығады. Халық көзайымына айналған бір жақсы сериалдардың бірі болады деп ойлаймыз.

Спорттық драма телекөрермендердің көңілінен шығып, отандық футболдың дамуына үлес қосады деген сенім бар. Жақында «Астана» телеарнасында «Оффсайд» сериалы көрсетілетін болады.