$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысынан 9 жылдан бері халқаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

25.07.2024ж. 20:00
227
Түркістан облысынан 9 жылдан бері халқаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Полиция қызметкерлері 35 жастағы қылмыскерді Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға түсірген. Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды.

Гүлнар АБДУЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екені толық дәлелденді. Жинақталған материялдар сотқа жолданды.