$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда әскердегі жағдайды талқылауға арналған форум өтті

09.08.2024ж. 20:00
380
Павлодарда әскердегі жағдайды талқылауға арналған форум өтті

Павлодарда алғаш рет әскердегі жағдайды талқылауға арналған республикалық форум өтті. Бұл шараға әскери сала қызметкерлерінен бөлек сарбаздардың аналары да қатысты. Мақсат – жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, Отанын қорғауға баулу. Өйткені, кейінгі кезде әскерге баруға қорқатын жастар көбейген. Бұған әскердегі әлімжеттік секілді түрлі жағдайлар себеп. Сондықтан да Сарбаздардың аналар кеңесі күш құрылымдарының арасындағы байланысты арттыруға мүдделі. Шара Қорғаныс істер министрлігі, әскери прокуратура, шекара қызметі, денсаулық сақтау және жоғары оқу орындарының өкілдерінің басын қосты. Жиында ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін әскери бөлімдердегі ашықтығын көтерсе, өз кезегінде депутаттар заңға енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Айгүл ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Әскер қатарына алынған сарбаздардың ҰБТ тапсырмай-ақ, оқуға түсуіне мүмкіндік бар. Ол үшін әскери пәндерді өте жақсыға оқып, мылтық ату, саптық дайындығы өте жақсы деген үлгерім көрсетсе, тәртібі жақсы болса грант иегері атануына болады. Егер сарбаздың несиесі болса, ол уақытша тоқтатыла тұрады. Тек әскерден келген соң 60 күннен кейін ғана төлей бастайтын болады. Бұның барлығы сарбаздың Отан алдындағы борышын алаңсыз өтеуіне септігін тигізеді.

Айнұр ТАТЕРОВА, «САРБАЗДАРДЫҢ АНАЛАР КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Ата-ана болғаннан кейін уайымдайды жатқаннан кейін нақты көзі жетпегеннен кейін алыста болғаннан кейін біз әскери бөлімге барып, баланың жағдайын көзбен көріп, видео арқылы егер ауырып қалған жағджайда көмек көрсетіліп жатыр ма? Көрсетілмей жатыр ма екен деген шағымдар түседі. Өйткені алыста отырғаннан кейін. Дұрыс қарамай жатыр екен деген жағдайда медициналық пунктке қай уақытта тіркелді. Қандай дәрі дәрмек алып жатыр? Қазіргі таңда қандай тексерулерден өтті. Соның барлығын өз көзімізбен көріп, ата-аналарға жеткіземіз.