Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екі полицей сотталды. Олар әрқайсысы екі жылдан жаза арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің территориясында Өзбекстан азаматтары жұмыс істеп жүрген.
Қармақшы аудандық сотының мәліметінше, полицейлердің бірі еңбек мигранттарына жалпы қамқорлығы мен жол берушілігі үшін шаруа қожалығының төрағасының көмекшісінен заңсыз сыйақы алу ниеті туындаған. Осылайша, шаруа қожалығы басшысы полицейлердің екеуіне де 200 данадан пресстелген жоңышқа шөбін пара ретінде берген. Салдарынан жәбірленуші А.-ға 160 000 теңге мүліктік шығын келтірілген. Осылайша, Н. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара берушінің пайдасына жасалған қамқорлығы үшін пара алса, Қ. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдесіп, құқық қорғау органының қызметкерінің пара алуына көмектескен.