$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Петропавлда салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды

AstanaTV
15.08.2024ж. 08:10
312
Петропавлда салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды

Солтүстік Қазақстан облыстық соты аталған құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл ақпаратты өңірлік прокураратура нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, сотталғандар Петропавл қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйді адал баспана салушылар ретінде имидж құра отыра салымшылардың ақшасын ұрлағандықтары үшін жазаланды.     

    "Іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған. Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді, екі адамның 6 жылға нақты бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді. Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың мүдделері талаптарын қанағаттандыру арқылы қорғалды", делінген ведомство хабарламасында.