$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс депутаттары «Барбастау-Ақжайық- Индер» тас жолын тексерді

21.08.2024ж. 20:00
487
Мәжіліс депутаттары «Барбастау-Ақжайық- Индер» тас жолын тексерді

Мәжіліс депутаттары «Барбастау-Ақжайық-Индер» бағытында салынып жатқан тас жолды тексерді. Орал қаласын сегіз елдімекенмен жалғайтын бұл жолмен Атырау облысына да қатынауға болады. Бірақ кестеден кешіккен жолдың құрылысы үш жылға созылды. Бұған материалдың қымбаттауы мен вагон жетіспеушілігі себеп болды, дейді мамандар. Бірақ жобаның кем-кетігі түзетілген соң, жұмыс қайта жанданды. Көп күттірген жолдың биыл пайдалануға берілетініне жергілікті тұрғындар қуанғанымен, олқы тұстарына әлі де көңілі толмайды.

Бауыржан АЙБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Бір айдай жеңіл мәшине жүре алмайды. Тракторды кісілер жалдап, 3 мың теңгеден, 1 кісіге 3 мың теңгеден трактор жалдап жүрдік. Айтып отырм ғой, кішкентай балалар бар, үлкен адамдар бар, солар селкілдеп трактормен жүріп жүрді. Сондықтан тым болмаса бітіре алмаған жағдайда жеңіл мәшинеге жанына щебень төсеп, жол жасап берсінші деген өтінішіміз бар біздің.

Сайлауалды бағдарламасында елдегі инфрақұрылымды жақсартуға уәде берген «AMANAT» партиясы бұл үшін арнайы жол картасы жасақтаған еді. Оның ішінде осы жол да бар. Партиялықтардың айтуынша, алдағы үш жылда өңірде 700 шақырым жол жөнделеді.

Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жол - облыстың маңызы бар жол. Бұған дейін де сайлаушылар сұраған. Енді аяғына дейін жетіп жатыр. Партиялық бақылау мақсатында осы жолға келіп отырмыз. Партияның уәделерін орындау мақсатында, қалай орындалады, аяғына жетті ме, жетпеді ме, егер де мәселелер болып қалса арасында ол мәселелерді шешуге көмектесуге ат салысамыз.