Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

400 мың теңге пара алған Б.Мусин қамауға алынды

AstanaTV
31.03.2017ж. 20:00
2496
400 мың теңге пара алған Б.Мусин қамауға алынды

Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты комитет төрағасының орынбасары 400 мың теңге пара алу барысында ұсталды. Бауыржан Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін лоббилеу үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталған. Қылмыс үстінде қолға түскен күдікті ірі көлемдегі параның бір бөлігін алып жатқанда құрықталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы:

31-ші наурызда кезекті рет кәсіпкерден параның бір бөлігі - 400 мың теңгені алып жатқан жерінде Бауыржан Мусин ұсталды. Қазір ол уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Жалпы параның сомасы 1,4 миллион теңге. Тергеу амалдары жүріп жатыр.