Кәсіпкерлер аймақтағы мемлекеттік органдардың қайсысында жемқорлық жайлағанын жайып салды. Зерттеулер жүргізген «Іскерлік климат» 2016 жылғы рейтинг қорытындысын шығарған. Мұны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жариялады. Рейтингке сүйенсек, кеден мен экономикалық тергеу қызметі және көліктік инспекция сыбайлас жемқорлық жайлаған орган болып табылған.
Орташа параның көлемі де
белгілі болды. Кеден қызметінде пара мөлшері 120 мыңнан басталып, 486 000
теңгеге дейін барады. Экономикалық тергеу қызметіндегілердің араны да кең, 165
мың мен 632 мың теңге аралығында. Көлік инспекциясындағылардың да 85 мың мен
314 мың теңге шамасында пара алатыны белгілі болды.