Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының таза табысы алғаш рет 108 млрд теңгеге жетті

AstanaTV
05.04.2017ж. 20:00
2102
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының таза табысы алғаш рет 108 млрд теңгеге жетті

«Қазатомөндіріс» ұлттық атом компаниясының таза табысы алғаш рет 108 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы президент қабылдауында болған АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты.

Кездесуде компания жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді. Сондай-ақ атом саласын дамыту барысы жөнінде мәлімет ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев атомды бейбіт мақсатқа пайдалану мәселесіне және атом электр стансалары жұмысындағы жаһандық үрдістерге назар аударды. Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясын әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты. Кездесуден соң президент бірқатар тапсырма берді.

Асқар Жұмағалиев, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

Компания экономикалық және өндірістік жағынан бүкіл көрсеткіштерді орындады. Нақтырақ айтатын болсақ, компанияның таза пайдасы 108 млрд теңгеге дейін жетті. Ал транформацияны жүзеге асыру шеңберінде біз 16 млрд теңгеге дейін тиімділікке қол жеткіздік. Ол үлкен көрсеткіштер. 

Айбек ҚОСАН