$478.54 €533.76 ₽5.17
×

«Барыс» жаңа бапкермен екінші жеңісіне жетті

AstanaTV
26.09.2024ж. 22:05
119
«Барыс» жаңа бапкермен екінші жеңісіне жетті

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Биыл екі команда да сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Елордалық команда сегіз кездесудің жетеуінде қарсыласына есе жіберіп, біреуінде жеңіске жетті.

Салдарынан турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр.

Осындай сәтсіздіктен кейін «Барыс» командасының бас бапкері Дэвид Немировски қызметінен кетті.

Сондай-ақ оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде «Барыс» сапынан Уэйд Эллисон 10-минутта мергендік танытты. Бұл гол елордалық клубқа жеңіс алып келді.

Қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен «Барыс» турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, 22-орынға тұрақтады.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын да Астанада өткізеді.

Алдымен 28 қыркүйекте Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездессе, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.