Алдағы референдум тек ел экономикасы жағынан емес, ғылым тұрғысынан да тарихи дата болмақ. Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова осылай дейді. Депутат саяси науқанда халық елге атом электр станциясы қажет деп шешім қабылдаса, кадр мәселесінен де қиындық туындамайтынын айтады. Себебі елімізде 4 жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институты STEEM бағытындағы мамандармен қамтамасыз етуде толыққанды жұмыс істеп жатыр. Жалпы еліміз әлемдегі алпауыт мемлекеттер секілді энергиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептейді, депутат.
ЖҰЛДЫЗ СҮЙЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз өзіміз энергия көздерін біреуге тәуелді болмас үшін, яғни энергиялық тәуелсіздік үшін, сонымен қатар біздің көптеген өндіріс орындарымыз өзінің толық қуаттылығында толық жұмыс жасап, экономикамыз үшін инвестиция тартқымыз келсе, онда бізге қазіргі таңда энергия көздерінің нақты осындай баламасыз мүмкіндігі болып саналатын атом электр станциясын салудың қажеттігін көріп отырмыз.