$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

AstanaTV
07.10.2024ж. 07:57
47
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

Қазақстандық танымал боксшы Ангелина Лукас кәсіби бокстағы өзінің тарихи жеңісімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Ассалаумағалейкум, Қазақстан! Бүгін мен кәсіби бокста 12-ші жеңісіме қол жеткіздім! IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алдым! Бұл шын мәнінде тарихи жекпе-жек болды! Мен Аргентинадан келген тәжірибелі қарсыласымды жеңдім! Оның 21 жекпе-жегі бар, ол WBO нұсқасы бойынша төрт дүркін әлем чемпионы. Қазақстан тарихында мұндай болмаған! Мен өзімнің бар күш-жігерімді осы жекпе-жекке арнадым! Менің ең мықты спарринг серіктестерім болды, олар мені дайындады! Мен осы атақты жеңу, арманымды жүзеге асыру үшін бәрін жасадым!» – деді Лукас жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы аргентиналық Дебора Анаи Лопесті төрешілер шешімімен жеңіп, әлем чемпионы атағын иеленді.