$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өз әпкесінің малын ұрлаған күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
09.10.2024ж. 06:28
176
Өз әпкесінің малын ұрлаған күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылды

Абай облысының тұрғыны ат қораға келіп, малды түгендеу кезінде қорада бір қой мен ешкі жоқ екенін анықтады, сол арқылы әйелге жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірілді, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Кейіннен малды оның екі туысы ұрлап әкеткені анықталды, олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты. Сот оларды кінәлі деп танып және әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Жазасын өтеу үшін сотталғандар Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне келді, олар жұмысқа орналастырылды, әпкесіне келтірілген материалдық залал толығымен өтелді», – дейді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Абзал Жанаспаев.
«Мен жасаған қылмысым үшін өкінемін, мені үйде үш кәмелетке толмаған балам мен жұбайым күтіп отыр, мекеме қызметкерлері менімен тәрбиелік сипаттағы әңгімелер өткізді. Апайым мені кешіріп қазіргі таңда екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсы», – деп айтты сотталған.