$448.44 €514.81 ₽5.33
×

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Партия мүшелері мен жастар «Мыңжылдық» аллеясын абаттандырып, 70-ке жуық ағаш екті. Экология мәселесіне партия бағдарламасында ерекше басымдық берілген. Әділеттіктер қоқысты қайта өңдеуді қолдайды. Сонымен қатар зауыттардан шығатын зиянды заттарды бақылауды ұсынады. Табиғатқа қамқорлық жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Таза Қазақстан" бағдарламасы тек қана бір ғана сенбілікпен шектелмеу керек. Бүкіл азамат, осы тұрғындар халық болып қоршаған ортаны қорғауға, экологиямызды қолдауға, сақтауға соған атсалысу керек. Бүгін біз осы сенблікке қатыса отырып, барлық тұрғындарымызды, азаматтарымызды қоршаған ортаны қорғауға, біздің болашақ ұрпаққа таза мемлекетімізді, таза қаламызды, таза көшемізді, таза ауламызды қалдыруға үгіттеп жұмыс жасауымыз керек.

ГҮЛНАР НҰРАХМЕТХАНОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЯСИ-ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру еліміздің дамуынын негізгі қағидаттарының бірі. "Таза Қазақстан" акциясы әрбір азаматты жауапкершілікке үйретіп, табиғатқа деген экологиялық мәдениетті қалыптастырып үйретеді деген ойдамын, оған сенімдімін. Бір тал – бір үміт, әрбіп еккен талымыз, ол біздің артымыздан қалған ізіміз деп білемін.