$497.89 €525.12 ₽5
×

Шымкентте ломбард тонамақ болған студент 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Шымкентте ломбард тонамақ болған студент 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Шымкентте ломбард тонамақ болған студент 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ол бетпердемен келіп кассадағы қыздардан 100 мың теңге талап еткен. Алайда оның әрекеті жүзеге аспады. Сол жерде тұрған тағы бір жас жігіт күдіктіні ұрып құлатты. Ол қазір қамауда. Ал ширақ қимылдаған студентті полиция қызметкерлері марапаттады. Айта кетейік, қылмыстың алдын алған қала тұрғыны -18 жастағы Ұлықбек дене шынықтыру мамандығы бойынша 1-курста оқиды. Оқу ақысын төлеу үшін ұялы телефонын уақытша өткізу үшін ломбардқа барғанын айтады. Ұлықбек бастапқыда тонау ұйымдастырған күдіктінің әрекетін «пранк» деп қабылдапты. Өйткені бетіне бетперде киіп, басына сырт киімінің қалпағын қоса киіп алған жас жігіт өзімен бірге кезек күтіп отырған көрінеді.

ҰЛЫҚБЕК АХМЕДОВ,  СТУДЕНТ:

Мен айттым оған: сен шын айтып жатсың ба, ойын емес па? - деп күлдім мен. Кәдімгі күліп айтып тұрмын ғой мен, спокойно айтып тұрм. Өйткені ондай өмірімде бірінші рет боп жатқан соң в серъез қабылдай алмадым басында. Даусы тонын өзгертті да грубо , грубо сөйлеген соң мен серъезно екенін білдім, түсіндім. И сол себептен сразу «жоғалтпайын» дедім да ар жақа қарай кассаға қараған кезде мен бірден ұрып бастап кеттім. Сонымен ұрып, құлатып алдым. Сөтіп тапаншасын алып алдым. Дальше полиция қызметкерлері өздерінің жұмысын істеп кетті. Тез келді бірақ бәрі.

Куәгерлердің сөзінше, ұсталған жігіт 2 –курс студенті.Мұндай әрекетке қарызынан құтылу үшін барғанын айтыпты. Ал Ұлықбекке ломбард басшылығы Айфон 15 маркілі телефон сыйлаған. Соны сатып, оқуымның ақшасын төлеп алдым дейді ерлігімен көзге түскен жас жігіт.