Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«ТҚЖБ» арқылы күніне 3 мыңнан астам есеп-шот ашылады

AstanaTV
24.04.2017ж. 20:00
2982
«ТҚЖБ» арқылы күніне 3 мыңнан астам есеп-шот ашылады

"Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" басшыларының туыстары енді  бұл банктен шот аша алмайды. Тиым салынған. Ақпан айында қаржы ұйымының топ-менеджменті тиісті құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. 

Ләззат Ибрагимова, "Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы:

Мен және орынбасарым, ата-аналарымыз бен отбасы мүшелері және бауырларым, мемлекеттік жеңілдік қарастырылатын бағдарламаларға банк арқылы қатыспау туралы міндетті өз мойнымызға алдық.

Былтыр елімізде ипотеканың 67 пайызы осы банк арқылы рәсімделген. Оған қоса, сәуір айнынан бастап, есеп-шот ашуға берілетін 0,55 пайыз төлем алынып тасталды. Бұрын күніне 900-дей шот ашылса, қазір ол 3 мыңға жуықтаған.

Ләззат Ибрагимова, "Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы:

Өткен жұма күні сенбі түске дейін 3445 шот аштық. Осылайша біз барлық бизнес үрдістерді оңтайландырамыз. Жыл басынан бері мобильді нұсқа жұмыс істейді. Ресми сайтта 24 сағат бойы жеке кабинет арқылы шот ашуға болады.

Айта кету керек, «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі оперторы да - «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі».