$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Онлайн тауар сататындар тексеріледі

31.10.2024ж. 20:00
104
Онлайн тауар сататындар тексеріледі

Енді интернеттен алған тауарыңыз қолыңызға тимеуі мүмкін. Өйткені онлайн саудаға толық тыйым салынады. Сөредегі заттың лицензиясы болмаса саудалауға болмайды. Ескермесе қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Тик-токты базарға айналдырып, бизнестің дәмін енді татқандар енді не істейді? Толығырақ Аружан Задабек түсіндірсін. 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бұрын базарға келсең ығы-жығы халықтан аяқ жығылатын. Ал қазіргі жағдай – осы. Сауда орындарында тұрғындарды кездестіру қиын. Өйткені барлығы онлайн сауданы таңдайды.

Базарға барудың қажеті жоқ. Барлық жерге тапсырыс тегін. Бізде барлық әтірдің түрі бар. Иісі 1 айға дейін тұрады. Сондықтан тапсырыс беріңіздер. Төмендегі номерге хабарласамыз.

Қазір дәл осылай желіні сауда орнына айналдырғандар көп. Кәдімгі базар дерсің. Не жоқ десеңші?! Азық-түлік, киім-кешектен бастап, күнделікті тұтынатын жиһаз, техника... Қысқасы, жаның нені қалайды бәрін тауып береді. Қала не ауыл деп бөлмейді. Сайда болсаң да, айда болсаң да жеткізеді. Тұрғындарға сонысымен ыңғайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Көбіне онлайн. Темомен темболее. Үйден шықпай, жеткізу қызметі тегін. Оңайырақ.
- Негізі келешекте онлайн болады ғой өзі сауда. Базардың бәрі керексіз болып қалады ғой. Заман соған әкеле жатыр ғой.
- Кейбір тауарлар қымбат болады. Байқамаймыз. Ценаны білмейміз ғой.

Тұрғындар ыңғайынан бөлек, арзандығына қызығады. Базардан айырмашылығы жер мен көктей дейді. Онысына талас жоқ. 15 жылдан бері ыстық пен аязға қарамай, базардан берекесін тауып отырған Жанар да бұл пікірмен келіседі. Онлайн саудагерлер жалға алатын орын, коммуналдық төлем деп бас қатырмайды. Сол үшін теңгеде айырмашылық бар екенін айтты.

ЖАНАР, САТУШЫ:

Онлайнға ауысып кетті адамдар. Өзіміздің үйдегі қыздарымыз да «Каспи, темоға» заказ береді.

Ал, Айгүл Үкібасова - онлайн сауда жасаудың әдіс-тәсілін үйретіп жүрген маман. Декреттік демалыстағы ана шетелдегі сауда компанияларымен байланысып, желі арқылы киімдерді елге алдырта бастаған.

Айгүл ҮКІБАСОВА, КӘСІПКЕР:

Маған ары-бері шығу қиындау, магазин аралаған қиындау деген сияқты. Сондықтан сайтқа қарап, өлшемін қарап, киім болсын, ыдыс-аяқ болсын, даже тамақты да әкеліп жатыр да. Сол бойынша ыңғайлы өте.

Онлайн алған тауардың бәрі сапалы болып келмейді. Тіпті, сан соқтырып кететін алаяқтар бар. Оларды «өзің білге» салуға болмайды, тәртіп керек. Биыл электронды сауданы реттейтін екі заң қабылданады деген жоспар бар. Біріншісі Цифрлық кодекс, екіншісі тұтынушы құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер. Екеуі де, әзірге, Мәжіліс қарауында. Оған дейін алданғандар не істеу керек?

НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Арыз беруге мүмкіндігіңіз бар. Шағымыңызды толық көрсетіңіз. Қай уақытт, кіммен келістіңіздер, қандай интернет дүкеннен сатып алдыңыз, қандай құжаттар алдын-ала сізге берілді, қалай тексердіңіз. Оған қоса тұтынушылар құқығын қорғау органдары сол жерге де арыз жазыңыздар.

Ал, енді лицензиясыз сатылмайды дегенге келсек. Онлайн платформаларда суық қару яғни, мылтық, пышақ, оқ-дәрі, газ баллон сияқты заттарды саудалауға толық тыйым салынған. Рұқсат қағазы болмаса дәрі-дәрмек, ойыншық пен үйге қажет техникалық жабдықтарды да жарнамалауға болмайды.