$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада ауыл әкімдерінің форумы өтті

Қызылордада  ауыл әкімдерінің форумы өтті

Қызылордада ауыл әкімдерінің форумы өтті. Мақсат- ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттыру, әкімдердің жұмысын оңтайландыру және жүйелеу. Бұл орайда «AMANAT» партиясының көптеген бағдарламалары мен ауқымды жобалары сәтті жүзеге асып келеді. Қазіргі таңда аймақта 145 ауыл әкімі болса, оның 140-ы партиядан сайланған. Олар форум барысында өзара тәжірибе алмасып, ұсыныс-пікірлерін де білдірді. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүкіл ауыл әкімдерін оқытып үйретіп жатырмыз. Біріншіден заңдардың білуі. Олар қалай іс жүзінде пайдалану керек. Форумның негізгі мақсаты кері байланысты күшейтіп өзімізден сайланған ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру. Ауыл әкімдері деген ол кім. Ол Президенттің жергілікті жердегі өкілі. Ол биліктің айнасы. Ауыл әкімінің жұмысына қарап бүкіл билікке баға береді.