Жақында Иранда хиджабқа қатысты қарсылық білдіріп, шешініп тастаған студентті психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Иран ғылым министрі Хоссейн симай Сарраф ақпаратты растады.
Еске салайық, хиджаб киюге наразылық білдірген ирандық студент Аху Дарьяины полиция қызметкерлері ұстап әкеткен болатын.
Ғылым министрі: "Қазір Дарьяи отбасының қолдауымен емделіп жатыр", - деп мәлімдеді.
Бірақ студенттің жақындары мен таныстары оның психикалық ауытқуы болмағанын, оны психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде дәрімен емдегелі жатқанын айтады.