Анталия (Түркия) қаласында теннистен жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің жасөспірімдер құрамасы В тобына түсті.
Қазақстандықтар Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Гонконг құрамаларымен ойнайды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 11 қараша күні Гонконг командасымен кездеседі.
Командалық әлем чемпионатында Қазақстан намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды.
Команда капитаны Сергей Квак.
Аталмыш әлемдік дода 11-17 қараша аралығында өтеді. Әр топтан үздік екі құрама ширек финалға жолдама алады.
Бұл – қазақстандық жасөспірімдер үшін екінші чемпионат. Өткен жылы олар үздік ондыққа кірген болатын.