Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Астанада «Worldskills Kazakhstan 2017» байқауының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
10.05.2017ж. 20:00
2228
Астанада «Worldskills Kazakhstan 2017» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада ұлттық «Worldskills Kazakhstan-2017» байқауының жеңімпаздары анықталды. Сайыста елдің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық жас маман бақ сынады. Шараның көздегені - жұмысшы мамандықтарының абыройын көтеріп, жастардың қызығушылығын арттыру. Мұндай байқаулар әлемнің 76 елінде өткізіледі. Қатысушылар электрмонтаждаушы, токарь, дәнекерлеуші, мейрамхана ісі, аспаз, шаштараз, дизайн, киім үлгілерін даярлаушы және өзге де мамандықтар бойынша шеберлігін байқатты.

Орал қаласынан келген Ернар Смағұлов - ағаш шебері. Бұл жолы екінші орынды қанағат тұтты. Бас жүлдеге бір қадам ғана жетпей қалған жас жігіт, мұндай байқауларға әлі талай қатысамын, деп отыр. 

Ернар Смағұлов, «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2017» байқауының II орын иегері:

Сәттілік жетіспеді. Сапасына төрешілер солай шешті ғой. Сапасына. Бұрын-соңды қатысып көрген жоқпын, бірінші рет. Бірінші орын алуға келесі жылы қатысамын.