Қызылордада Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы ұсталды. Әуежайда құрықталған шенді 2 млн теңге пара алды деген күдікке іліккен. Полиция департаменті ақпаратты растағанымен, тергеу құпиялығына байланысты толыққанды ақпарат таратпады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде іс-шаралар жүргізуде. ҰҚКД ПД-нің ӨҚБ-мен бірлескен жедел-тергеу шаралары барысында заңсыз іс-әрекеттері үшін қызметкерді ұстады. Ол теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.