$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Алматыда депутаттар жайлы мектептің құрылысына мониторинг жүргізді

28.11.2024ж. 20:00
269
Алматыда депутаттар жайлы мектептің құрылысына мониторинг жүргізді

Алматыда кезекті жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оқу орны Бостандық ауданында орналасқан. Жоба «AMANAT» партиясының жол картасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары мердігерлермен жүздесіп, мектеп құрылысына мониторинг жүргізді. Білім ордасы 1500 орынға арналған. 2025 жылдың бірінші тоқсанында қолданысқа беру жоспарланған. Қалалық мәслихат депутаттары нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуы мен белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексерді. 

ЖАНДОС НӘДІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Мектептің ішінде тек қана 4 денешынықтыру залы бар. Сыртында да болады. Ол бірінші. Интерактивный класс болады. Компьютер бәрі енгізілген. Ең бірінші қауіпсіздік балалар үшін өздеріңіз білесіздер. Екінші, үшінші қабаттағы терезелерге ограничитель қою керек деген енді ол ұсыныс бірінші. Екінші, мына жолдан қалай өту керек. Тағы да бір сұрағымыз, ол сапа туралы. Ертеңгі күні құлап қалып, бір жағы құлап. Мердігерлер айтады, ол туралы 5 жыл гарантия беріледі деп.