$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Коронавирус Қытай зертханасында жасалды – АҚШ конгресі

AstanaTV
03.12.2024ж. 12:54
186
Коронавирус Қытай зертханасында жасалды – АҚШ конгресі

Америкалық конгресмендер екі жылдық тергеуден кейін коронавирустың зертханадан шығып, таралуы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасының бақылау комитетінің коронавирустық шағын комитетінің баяндамасында айтылған.

"COVID-19 вирусы Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы мүмкін", – делінген құжатта.

Зерттеушілер бұл нұсқаны дәлелдейтін бес себеп келтірді. Олар бұл вирустың табиғатта кездеспейтін биологиялық қасиеттері бар екенін алға тартады. Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның барлық жағдайлары бір адамнан басталды деген болжам бар, ал бұрын вирустардың таралу аймақтары әртүрлі болатын.

Баяндамада Уханьдағы SARS вирустарын зерттеуге маманданған зертхана бар екені айтылады. Онда биологиялық қауіпсіздік жеткілікті түрде сақталмаған дейді.

"2019 жылдың күзінде COVID-19 табылғанға дейін бірнеше ай бұрын Ухань вирусология институтының қызметкерлері коронавируске ұқсас ауруға шалдыққан. Егер ол табиғатта бар нәрсе болса, коронавирусқа ұқсас аурудың шыққан жері бұрыннан табылар еді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар коронавирустық пандемия кезінде алаяқтықтан келген шығынды есептеді. Олардың айтуынша, үкіметтің 250 миллиард доллардан астам ақша ұрланған.

"Алаяқтар жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін пайдалану және жеке ақпаратты ұрлау арқылы АҚШ салық төлеушілеріне 191 миллиард доллардан астам шығын әкелді", – делінген баяндамада.

Құжат авторларының айтуынша, кем дегенде тағы 64 миллиард доллар жалақыны қорғау бағдарламасы арқылы ұрланған.