Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаскелең қаласының Рахат саяжай қоғамының аумағында бір қабатты жиһаз цехында өрт болды.
Өртсөндірушілер келген кезде цехта қатты түтін болды. Цехтың жанғыш жүктемесіне қарамастан, өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үндеді.