Кенеден
келетін кесел! Жамбыл облысында «Қырым қанды безгегін» жұқтыруы мүмкін деген
күдікпен қос азамат ауруханаға жатқызылды.
Сарысу ауданының 50 және 60
жастағы тұрғындары дене қызуы қатты көтерілгендіктен, ақ халаттылардың күдігіне
іліккен. Дәрігерлер: «олардың қазіргі жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп
жоқ» деп сендіреді.
Мұрат Жұмабаев, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:
Олар
күдікті боп түскен. Қазіргі таңда олардың 8 сағаттың ішінде дайын болған
нәтижелері теріс. Бірақ олар алдында күдікті болып түскеннен кейін, арнайы
ем-дом ребоблин тағайындалады, соны қабылдайды. Егер де екінші диагнозының
нәтижесі теріс болса, онда бұл күдікті жағдай алынады да, нақты диагнозы
қойылады.
Сәуір
айында ғана қырым-қанды қызбасынан 46 жастағы қызылордалық тұрғын көз жұмған
болатын. Шиелі ауданында мал бағып жүрен шопан кене шаққан уақыттан 4 күн
өткенде ғана дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл аймақта биыл тіркелген бірінше
жағдай.
Ал Жамбылда жыл басынан бері 400-ден астам тұрғынды кене шағып,
дәрігерлерге көрінген. Олардың 17-сі медициналық бақылауға алыныпты. 6 азамат
Сарысу аудандық ауруханасының күндізгі
бөлімінде ем қабылдап жатыр. Аймақ бойынша Сарысу ауданы безгек ауруының ошағы
саналады. 28 елді мекен қатаң бақылауда.
Айта кетейік, былтыр Жамбылда 66
адам кенеден келетін кесел бойынша күдікке ілінген болатын. Олардың жетеуінен
безгек анықталып, 1 адам көз жұмды.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ