$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Ерлан Қарин Жазушылар Одағының 90 жылдық жиынына қатысты

Ерлан Қарин Жазушылар Одағының 90 жылдық жиынына қатысты

Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Президенттің қаламгерлер қауымына деген құрметі мен шынайы көзқарасын атап өтті. Жазушының перзенті болғандықтан, саланы дамытуға ерекше мән беретінін де тілге тиек етті. Соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстар соның айқын дәлелі екенін айтты. Сондай-ақ әдебиеттің ағарту ісіндегі рөліне баса назар аударып, руханият пен мәдениет саласындағы бірқатар мәселеге тоқталды. Бүгінде әдебиеттің дамуына Жазушылар одағының қосқан үлесіне мемлекет ерекше көңіл бөлуде. 

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Қасиетті қара шаңырақ қазір мыңға жуық қаламгердің басын қосып отыр. Жазушылар Одағы Қазақстандағы ең ірі шығармашылық ұйым. Ең бастысы ол ең қиын кездерден аман өтіп, тұтастығын сақтап қалды. Осы жылдар ішінде Одақ өркениетіміздің берік қорғанына айналды. Ұлт жанашырлығын біріктірген киелі орда бола білді.