Сонымен қатар Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады. Кездесуде Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда аталмыш комитеттің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Кит МакКоннелл Олимпиада қозғалысын насихаттаудағы Қазақстан спорт қауымдастығының үлесін жоғары бағалап, ұлттық құрамаға халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.