Жаңа жыл қарсаңында жаппай отшашу шашатын кез жақындап келеді. Алайда елімізде отшашуды арнайы талапқа сай атпаған жандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы коммуникациялар қызметінің брифингінде отшашуларды пайдалану ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін қандай жаза болатынын айтты.
Отшашуларды іске қосу кезінде қазақстандықтар сақтауы тиіс бірінші шарт қолайлы орынды таңдау. Бұл тұрғын үйлерден кемінде елу метр қашықтықта орналасқан бос учаскелер болуы керек. Сондай-ақ, бұл жерде ағаштар, электр желілері мен басқа да кедергілер болмауы керек.
Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес пиротехникамен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзса, орынсыз жерде қолданса 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жағдайда барлық отшашулар тәркіленеді.