Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды

AstanaTV
23.05.2017ж. 20:00
2867
Павлодарда «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталды

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облысында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс бастады. Шараның бірқатар тұстары «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланды.

Жазушылар, тарихшылар, қоғам белсенділері мен шығармашылық ұжым өкілдері қатысқан басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды. Жиналғандар «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы» мәселелерін қозғады. Жобаны жүзеге асыру барысында меценаттық және қайырымдылық бағытты дамыту жоспарланған. Жергілікті туризмді дамыту, «Оқитын ұлт» жобасын жетілдіру, өлкетану мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру да бар. Оқу орындарында мұражай ашып, мектеп бұрышын құру көзделген. Қазірде мұндай орталықтар саны 246-ға жетті. Балалар мен жасөспірімдерге қасиетті жерлерді көрсету мақсатында арнайы сапарлар ұйымдастырылады.

Мейрам Бегентаев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Жазда мектеп оқушылары мен студенттер үшін өлкетану бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қазір археологиялық зерттеулер мен қазбалардың картасын жасадық.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ