Қостанай облыстық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері иісшіл иттің көмегімен жиһаз цехында есірткі жасырған 38 жасар тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол аталмыш цехта жеке кәсіпкер ретінде тапсырыс арқылы жиһаз жасаумен айналысқан.
Зертханалық тексеріс нәтижесінде тәркіленген заттар – 600 грамм гашиш пен 500 грамм марихуана екені анықталды. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі затына жатады және жауапкершілігі де ауыр – он жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
Аталмыш факті бойынша тергеу жалғасуда.