$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, үш адам бақилық болды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеке үйлердің бірінде газ жарылып,  үш адам бақилық болды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, үш адам ажал құшты. Оқыс оқиға кезінде үйде отағасы мен үш ұлы болған. Ал анасы екі қызымен қалаға кеткен көрінеді. Әкесі мен екі бала пеш тұрған бөлмеде ұйықтапты. Бір ұл басқа бөлмеде болған. Ол аман қалды. Қазір ауруханада. Мамандардың айтуынша, жарылыс табиғи газға жалғанған пеште газ-ауа қоспасы жиналуынан туындаған.