Жыл басынан бері полиция дрифт жасаған 372 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Астанада жүргізуші 10 тәулікке, Алматыда 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды AstanaTV.
Рейдтер барысында барлығы 226 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі анықталды. 5 мыңнан астам мас жүргізуші және қарсы жолаққа шығудың 4 мыңнан астам дерегі тоқтатылды.
Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтерді жалғастыруда.