Алматыда қолында тапаншасы бар жасөспірім ұсталды. Ол аспанға екі рет оқ атып, артынша жасырынып қалған. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақыны ұстады. Қаруды заңсыз ұстағаны үшін жауапқа тартылды. Жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылды.