$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Астана тұрғыны шлагбаумды сындырғаны үшін сотқа тартылды

AstanaTV
06.02.2025ж. 10:43
73
Астана тұрғыны шлагбаумды сындырғаны үшін сотқа тартылды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам шлагбаумды зақымдағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 2025 жылдың 1 ақпанында болған.

«Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Оның айтуынша, жеткізуші болып жұмыс істеп жүріп, аулаға қалай кіру керектігін білмеген. Сол себепті шлагбаумды қолмен көтеріп, оны байқаусызда сындырған. Келтірілген 15 мың теңге көлеміндегі залал өтелмеген», - деп хабарлады сот.

ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, құқықбұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл бап сондай-ақ 5-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасын қарастырады.