$515.97 €537.8 ₽5.25
×

ШҚО-да сақылдаған сары аязда арнайы мектептің төрт оқушысы қашып кеткен

AstanaTV
06.02.2025ж. 16:07
74
ШҚО-да сақылдаған сары аязда арнайы мектептің төрт оқушысы қашып кеткен

Серебрянск қаласында (ШҚО) төрт жасөспірім түн ортасында қақаған аязға қарамастан мамандандырылған мектеп-интернаттан қашып кеткен. Желіде олардың қоғамдық дәретханада үсік шалған қолдарын көрсеткен бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбаның авторы бұл арнайы мекемеден қашудың бірінші фактісі емес екенін алға тартады. Оған себеп – мекемеде оқушыларға күн көрсетпейді.

"Серебрянск қаласында арнайы мектептің оқушылары өздеріне төнетін қауіп-қатерге қарамастан бірнеше рет қашып отыр. Оған себеп – мекемедегі қорқынышты жағдай – балалар қорқытудың, физикалық зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болуда. Қашқан оқушыларды үсік шалған. Көшедегі қоғамдық дәретханаға тығылған. Бұл үшін кім жазаланады?", – деп жазды vestnik public.altay авторы.

Айта кетейік, 6 ақпанға қараған түні Серебрянск қаласы орналасқан Алтай ауданында ауа температурасы минус 32 градусқа жетті.