Әлем жер сілкінісінен көз ашпай тұр. Грекияның Санторини аралында тағы зілзала болды. Осы айдың басталғанына бір апта да болған жоқ, ал аймақта 200-ден аса жер сілкінген. Санторини – танымал туристік орын. Жыл сайын онда 3 миллионнан аса адам демалады. Қазір мектептер уақытша жабылған.
ЗОИ ЛИГНУ, ТҰРҒЫН:
Аймақта жер сілкінісі жиі қайталанады. Біз үш күн шыдадық. Бірақ бүгін ең қатты дүмпу болды. Сол үшін кетуге бекініп отырмыз.
Билік қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп жатыр. Ал тұрғындардың көңілі елең-алаң. Көбі киім-кешектерін жинап, кетуге бекінген.
ЦАНИС ЛИГНОС, ТҰРҒЫН:
Бірдің бұл жақтан кеткіміз келеді. Үш күннен бері билет таппай жатырмыз. Кеше жаңа рейстер шығып еді. Алып үлгермедік. Сұраныс тым жоғары. Оның үстіне билет қатты қымбаттап кетті.
Қытайда да жер сілкінді. Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданындағы Куча қаласында зілзала бір күнде екі рет қайталанған. Оның магнитудасы 5 балға дейін жетті. Хардап шеккендер туралы нақты ақпарат әлі айтылмады. Белгілісі, қазір төтеншеліктер кірпік қақпай жұмыс істеп жатыр. Табиғи апат ауданына жедел құтқару жасақтары жөнелтілді.
Әлем халқын ауа райы да әбігерге салды. Жапонияда жарты тәуліктің ішінде 120 сантимерге жететін қар жауды. Мұндай жағдай соңғы рет 53 жыл бұрын болған. Аймақта күн күрт суыды. Әуе рейстері кейінге қалдырылып, ішкі рейстерге шектеу қойған. Мамандар алыс жоға автокөлікпен шықпаңдар деп қатаң түрде ескертті. Синоптиктер алдағы күндері боран күшейіді дейді. Сондықтан кей аймақтарда жарық сөнуі мүмкін екенін айтты.