$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Жамбыл облысында балалар арасындағы буллинге жол берген бас дәрігер жазаланды

AstanaTV
07.02.2025ж. 19:49
69
Жамбыл облысында балалар арасындағы буллинге жол берген бас дәрігер жазаланды

Тараз қаласының Прокуратурасы «Аяла» облыстық балаларды оңалту орталығы» КМҚК-де үш жасөспірімнің кәмелетке толмаған екі балаға буллинг жасағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зардап шеккен балалардың анасы бұған дейін оңалту орталығының әкімшілігіне шара қолдану туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Бірақ оның өтініштері жауапсыз қалған.

Осыған байланысты Прокуратура оңалту орталығының бас дәрігеріне ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша (кәмелетке толмағандар немесе кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарламау) әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық фактілерін жасыруға жол бермеуге баса назар аударады және барлық мүдделі тараптарды балаларды қорғау мәселелеріне аса көңіл бөлуге шақырады.