$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Қызылордада кейбір жеке балабақшалар рұқсат етілмеген және мерзімі өткен дәрі-дәрмекті пайдаланып келген

Қызылордада кейбір жеке балабақшалар рұқсат етілмеген және мерзімі өткен дәрі-дәрмекті пайдаланып келген

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында кейбір жеке балабақшалар рұқсат етілмеген және мерзімі өткен дәрі-дәрмекті пайдаланып келген. Оны облыстық білім басқармасы жанынан құрылған жұмысшы тобы анықтады. Кейбір бөбекжайларда тіпті балаларға беруге болмайтын тағам түрлерін де ас мәзіріне енгізген. Балабақша ашуды кәсіп көрді ме, ескі ғимаратта өлместің күнін көріп отырғандар да кездесті. Ал енді бірінде ойын алаңы бар деген аты ғана. Ол аздай санитарлық талаптарға сай келетінін растайтын құжаттары жоқ. Сөйте тұра мемлекеттен миллиондап қаржы алып келген.

ЖАЗИРА МҰХАММЕДҚЫЗЫ, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Сэстің қортындысына біз жұмыс істеп жатырмыз. Алмаған я, өтініш тастағанбыз. Бізге кемшіліктерді жою жөнінде хабарлама келді. Біз сонымен әзірге жұмыс жасап жатырмыз.

Жұмысшы тобы балалардың қауіпсіздігіне ат үсті қарайтындарды да анықтады. Енді тексерістің қортындысы негізінде кейбір балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс беруді тоқтатпақ.

ӘЛИЯ ҚАРАБАЛАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Баланың өмір қауіпсіздігі, ашық тоқ жүйелері, жылу жүйесі,яғни газ пешінің баланың қолданыс аясыдағы жерлерде болуы және олардың ешқандай оқшаланбағандығы анықталды. Бұл жұмыстар бойынша біз зерделеу қортындысымен заң талаптарына сәйкес шешімдер қабылдаймыз.