$511.18 €530.6 ₽5.28
×

«Қызымды мешіттің артында зорлаған»: 15 жасар қыз жүкті болып қалған

AstanaTV
08.02.2025ж. 18:11
78
«Қызымды мешіттің артында зорлаған»: 15 жасар қыз жүкті болып қалған

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жаға ұстатар жаңалықты бөлісіп, оқиғаның мән-жайын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тараз қаласының тұрғыны телеарнадан көмек сұрап хабарласқан. 39 жасар келіншектің сөзіне сенсек, оның 16 жасар қызын бір жыл бұрын әлдекім зорлаған. Видеода қазір басты күдікті қыздың өгей әкесі екені айтылған. 

«Қаршадай қыз таяуда бала босанып, кәмелет жасына толмай ана атанып отыр. Ең сорақысы, қызға зәбір көрсеткен күдікті бостандықта дейді қара жамылған ана», – делінген жазбада.