$501.28 €526.19 ₽5.86
×

«AMANAT» қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге баса назар аударады

13.02.2025ж. 20:00
190
«AMANAT» қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге баса назар аударады

«AMANAT» өзекті мәселелерді шешуге баса назар аударады. Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов осылай дейді. Мемлекет басшысы партиялық жобаларға бірнеше рет жоғары баға бергенін айтты. Бұл «AMANAT» партиясы атқарып жатқан жұмыстың жоғары тиімділігін көрсетеді және әрбір партиялыққа ерекше жауапкершілік жүктейді. Партиялықтар былтыр атқарылған жұмысты қорытындылап, бірқатар басым міндеттерді айқындады. «Ауыл аманаты», «Әкімдер мектебі», «Жер аманаты» мен «Қарызсыз қоғамның» жетістіктеріне тоқталып, әрі қарай жалғастыруды міндеттеді. Әйелдер қанаты мен «Жастар Рухы» жастар қанатының қызметін жандандыру және қоғамда цифрлық гигиенаны ілгерілету жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сөз соңында Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым», партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейту керегін айтты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ;

Біз бәріміз әлемде не болып жатқанын, ел ішіндегі жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Экономикаға қатысты үлкен сұрақ бар. Мұндай жағдайларда партия жүйе құраушы саяси күш ретінде партия өз жобаларымен, қабылданып жатқан заңдарымен азаматтар көтерген мәселелерді шешуге өз үлесін қосуы керек. Партия әркімнің жан дүниесімен үндесетін қадамдар жасай білуге тиіс.Адам өзін толғандыратын мәселелердің қалай шешілетінін анық көргенде, бұл қоғамды Президент пен партиямыздың айналасына біріктіреді.