$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысында жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілмек

AstanaTV
15.06.2017ж. 20:00
2081
Жамбыл облысында жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілмек

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық бойынша кейбір көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Енді бұл өңірде парақорлыққа қарсы күрес күшейтілмек.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының өкілдері партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық-қоғамдық кеңестің отырысында мәлім етті. Партия мүшелерінен құралған арнайы топ өңірге барып, ондағы жағдаймен жіті танысып қайтқан. Облыстағы жергілікті атқарушы органдар парақорлық бойынша ел арасында алдыңғы қатарға шыққан. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық деректері барлық салада, атап айтқанда, білім, денсаулық, ауыл шаруашылығында, тіпті кейбір мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған жобаларда да байқалған. Енді індеттің алдын алатын кешенді бағдарламалар барынша күшейтілмек.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жамбыл өңірінде жемқорлыққа қарсы күрес сондай бір төмен жағдайда екенін көрсетті. Сондықтан идеологиялық жұмысты бірінші орынға қою керек. Біз әрдайым құқық бұзушылық орын алғаннан кейін оны жазалаумен айналысамыз. Сондықтан ең алдымен прафилактикалық жұмыс жүргізу дұрыс болады деп есептейміз.