$518.21 €590.09 ₽6.3
×

Әйелі мен енесін сабаған ақтөбелікке сот үкімі шықты

AstanaTV
13.04.2025ж. 21:25
211
Әйелі мен енесін сабаған ақтөбелікке сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында бұрынғы әйелін, сонымен қатар әйелдің шешесін де ұрып-соққан қызғаншақ ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 2025 жылдың ақпанында болған.

34 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің үйіне барып жанжал шығарған. Алдымен басынан, бетінен ұрып, кейін еденге ұрып-жыққан әйелін ол тепкілеп жатқанда сырттан жәбірленушінің анасы кіріп келген. Бұрынғы күйеу бала оны да еденге алып ұрып, алдымен тізесімен кеудесінен басып тыпыр еткізбей ұстаған, содан кейін басынан бірнеше мәрте тепкен.

Салдарынан егде жастағы әйел қатты зардап шегіп, дәрігерлер оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаның сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты диагнозын қойды, деп жазады басылым.

Сотта ер адамға жеңіл және орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылды. Отырыста ол балаларынан бұрынғы әйелінің басқа біреуді тауып алғанын естігенін, сондықтан ол сөйлесу үшін бұрынғы әйелінің үйіне барғанын айтқан.

Айыпталушының айтуынша, бұрынғы әйелі басқа ер адаммен өзінің қызғанышын тудыру үшін әдейі сөйлесіп жүргенін, өйткені ол оны әлі де жақсы көретінін айтқан. Сол кезде ол өздерінің ажырасуына түрткі шешесімен байланысты үзу керектігі туралы талап қойыпты. Сөз барысында қайын енесі үйге кіріп келіп, айқайлап, өзіне жұдырық ала жүргенін айтады. Ол өздерінің ажырасуына сол кісіні айыптап, жанжал барысында оны еденге сұлатып түсірген. Сөйтіп ашулы әйелді тізесімен кеудесінен басып, тыпыр еткізбей ұстаған. Бірақ тұрған кезде байқаусызда енесінің бетін басып кеткен. Әйелі араша түсіп өздеріне жүгіргенде ол оны қатты итеріп жібергенін, ол сол кезде маңдайымен есік жақтауына соғылып, қатты жарақат алғанын айтты.

Әйелдің айтуынша, күйеуімен бірге 13 жыл өмір сүріп, 2025 жылдың қаңтарында ажырасқан. Ақпан айында демалыс күндері ол үш баланы өз үйіне алып кеткен, бірақ содан кейін одан "пышақтап өлтіремін" деген сипатта қоқан-лоққыға толы хабарлама ала бастапты.

Келесі күні ол үйге өзі жалғыз келді, жанжал басталды, мені бірнеше рет ұрды, содан кейін бетімнен, басымнан ұрды, бір уақытта еденге құлатып, тепкілей жөнелді. Осы кезде үйге кіріп келген шешемді де шашынан ұстап, еденге құлатты. Арашаға ұмтылғанымда ол менің шашымнан ұстап, басымды үстелдің шетіне ұра бастады. Содан кейін қайтадан анама көшті, аяғымен басын мыжыды. Анам есінен танып қалды. Ол бізді өлтіремін деп айқайлап, үйден пышақ іздей бастады. Бірақ мен барлық пышақтарды ол келгенге дейін тығып қойған едім, – деді әйел.

Тергеу барысында ол бұрынғы күйеуінен келген хатттарды көрсетті, осылайша қоққан-лоқы фактісі расталды. Ер адам ең төменгі қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде бір жылға тоғытыла отырып, бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.