Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билет сатуға қатысты дау әлі басылмай тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болған еді. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тағы парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынына уәде етті.
Алайда Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша желісінде VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.