$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қостанайда тәрбиеші әйел мүгедек қыздың денесіне ыстық үтік басқан

AstanaTV
17.04.2025ж. 22:35
193
Қостанайда тәрбиеші әйел мүгедек қыздың денесіне ыстық үтік басқан

Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде ашуға мінген тәрбиеші 16 жастағы мүгедек қыздың денесіне бірнеше рет ыстық үтікті басып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тиісті тергеулер жүріп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция басқармасы.

Егер тәрбиеші әйелдің кінәсі дәләлденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.