Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ЭКСПО көрмесі аясындағы Кореяның ұлттық күні

AstanaTV
19.07.2017ж. 20:00
2173
ЭКСПО көрмесі аясындағы Кореяның ұлттық күні

Қазақстан мен Корея арасында соңғы он жылдықтағы сауда-саттық көлемі 4 жарым млрд АҚШ долларын құраған. Бұл туралы "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында өткен Кореяның Ұлттық күнінде айтылды. Дәстүрлі кәріс музыкалық аспаптарында ойнайтын топтардың өнер көрсетуінен бастау алған мереке таэквондо командасының қызықты шоуымен жалғасты.

Ұлттық күн аясында Кореяның танымал актеры Со Кан Джунмен кездесу ұйымдастырылады. Ал балалар үшін Пороро пингвинімен суретке түсіп, уақытты қызықты өткізуге жағдай қарастырылған. Қазақстан тарапы Корей елімен мәдени-саяси және сауда-саттық байланысты одан әрі арттырмақ ниетте.

Ерлан Хайыров, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі: 

Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 400 компания жұмыс жасап келеді. Олар тамақ өнеркәсібі, тамақ, медицина, машина саласында 40-қа жуық бірлескен жобаны іске асыруда.